Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы ТҮРКПА Бас хатшысын қабылдады

Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы ТҮРКПА Бас хатшысын қабылдады

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Елші Кубанычбек Омуралиев 2025 жылғы 27 қазанда Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) Бас хатшысы Елші Рамиль Хасанды Ыстанбұлдағы ТМҰ Хатшылығында қабылдады.

Кездесу барысында Кубанычбек Омуралиев Рамиль Хасанды ТҮРКПА Бас хатшысы болып тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметінде толағай табыс тіледі.

Кубанычбек Омуралиев пен Рамиль Хасан ТМҰ мен ТҮРКПА аясында жүзеге асырылып жатқан іс-шараларды талқылап, түркі елдері парламенттері арасындағы қатынастардың маңыздылығына тоқталды.

Тараптар ТМҰ мен ТҮРКПА арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты, сондай-ақ, ТМҰ құрамындағы Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының үйлестіру комитеті шеңберіндегі іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.