Елші Бағдад Құлтайұлы Әміреев

Бағдат Құлтайұлы Әміреев 2018 жылғы қыркүйек айынан 2022 жылғы қараша айына дейін ТМҰ Бас хатшысы қызметін атқарды. 

03 Жеке мәліметтері
Туған күні мен орны: 1959 жылғы 1 наурыз, Шолаққорған ауылы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы.
Білімі
1976-1982 – Тәжік мемлекеттік университетінің шығыстану факультеті, Душанбе қаласы (Тәжікстан Республикасы)
Кәсіби тәжірибесі
1980-1981 – Йемен Демократиялық Республикасында аудармашы
1982-1985 – КСРО-ның Дамаскідегі (Сирия) Елшілігінің қызметкері
1985-1988 – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы
1988-1991 – КСРО-ның Бағдадтағы (Ирак) Елшілігінің қызметкері
1992-1994 – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Таяу Шығыс бөлімінің басшысы
1995-1996 – ҚР СІМ Таяу Шығыс (Араб елдері және Израиль), Таяу Шығыс (Түркия, Иран және Ауғанстан) және Африка басқармасының басшысы
1996-2002 – ҚР Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі
  • Кувейт Мемлекетіндегі
  • Бахрейн Корольдігіндегі
  • Оман Сұлтандығындағы
  • БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі (резидент емес)
  • ИЫҰ жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі
2002-2008 – ҚР Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
  • Иордания Хашимит Корольдігі
  • Ливан Республикасы
  • Марокко Корольдігі
  • Ливия Социалистік Халықтық Араб Джамахириясы
  • Африка елдеріндегі үйлестіруші елші
  • ИСЕСКО жанындағы ҚР тұрақты өкілі
2008-2011 – ҚР Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Армения Республикасындағы (резидент емес) Төтенше және Өкілетті Елші
2011-2017 – ҚР Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
2014 жылдан бері – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі
Басқа дипломатиялық миссиялары
  • 2003-2009 жж. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің дайындық жұмыс тобының төрағасы.
  • 2010-2012 жж. Қазақстан Республикасының Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) және ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер бойынша арнайы елшісі.
  • 2011-2012 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) бойынша арнайы елші.
  • 2012 ж. Халықаралық энергетика форумы (IEF) ұйымымен ынтымақтастық бойынша арнайы елші.
  • 2012 ж. Астананың EXPO-2017 көрмесіне үміткерлігін ілгерілету бойынша арнайы елші.
  • 2014-2017 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан Республикасының 2017-2018 жылдардағы уақытша мүшелігіне қолдау көрсету бойынша арнайы елші.
  • 2015-2018 жж. Орта Шығыс пен Африкада Қазақстан Республикасының арнайы елшісі.
Шет тілдер
Қазақ, орыс, араб, ағылшын, түрік және парсы тілдерін меңгерген.
Марапаттары
  • 2004 жылы – «Құрмет» ордені.
  • 2012 жылы – «Парасат» ордені.
  • 2006 жылы – Өркениеттер диалогына қосқан үлесі үшін XVI Папа Бенедикт марапаты.
  • 2013 жылы – Түркі кеңесінің құрылуына қосқан үлесі үшін «ТҮРКСОЙ» медалі.
  • Қазақстан Республикасының 20-дан астам медалімен марапатталған.

Елші Рамиль Хасан

01 2014 жылғы қыркүйек айы мен 2018 жылғы қыркүйек айы аралығында ТМҰ Бас хатшысы қызметін атқарды. 

Жеке мәліметтері

1999-2002 жылдар аралығында Баку қаласы Карадаг ауданының Әкімшілік кеңесінің мүшесі болды.

Кәсіби тәжірибесі

1999-2003 жылдары Әзербайжан-Түркия Жастар қауымдастығын құрушы және тең төрағасы қызметін атқарды. 2002 жылдан 2010 жылдың қаңтарына дейін Әзербайжан Республикасының Диаспора істері бойынша Мемлекеттік комитетінде бөлім басшысы болып қызмет етті.

2005-2010 жылдары Әзербайжан Жаңа партиясы жастар қанатының төрағасы болды. 2008-2014 жылдары Баку университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде «Қазіргі Әзербайжанның сыртқы саясаты» курсын оқытты.

2009 жылғы 29 қыркүйекте Бакуде өткен Түркі мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) 1-ші жалпы отырысында ТҮРКПА-ның бірінші Бас хатшысы болып төрт жыл мерзімге сайланды. 2010 жылғы 15 қаңтардан 2013 жылғы 1 қазанға дейін ТҮРКПА Халықаралық хатшылығының Бас хатшысы және дипломатиялық миссия жетекшісі қызметін атқарды.

2013 жылғы қарашадан 2014 жылғы қаңтарға дейін Лондонда кәсіби дағдыларды дамыту бойынша кешенді оқыту бағдарламасына қатысты. 2014 жылғы наурызда Рамиль Хасан Гарвард университетінің John F. Kennedy School of Government мектебінде өткізілген жоғары басқару бағдарламасын аяқтап, сертификат алды.

2014 жылғы 5 маусымда Бодрумда өткен ТМҰ 4-ші саммитінде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мемлекет басшыларының шешімімен Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы болып тағайындалды.

Рамиль Хасан – ерекше және толық құқылы 1-ші дәрежелі Елші. Ол ағылшын, орыс және түрік тілдерін жетік меңгерген.

Отбасылық жағдайы

Үйленген, екі баласы бар.


Елші Халиль Акынджы

2010 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың қыркүйегіне дейін ТМҰ Бас хатшысы қызметін атқарды.

02 Жеке мәліметтері

Халиль Акынджы 1945 жылы Түркияның Мугла қаласы Ула ауданында дүниеге келген. 1967 жылы Анкара университетінің Саяси ғылымдар факультетінің Халықаралық байланыстар бөлімін бітірген. Түркияның Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды.

Кәсіби тәжірибесі

1980 жылғы қаңтар айынан 1989 жылғы мамырға дейін Брюссельде НАТО хатшылығында Кеңес Одағы мәселелері бойынша басшысы болды. Мәскеуде бірінші хатшы, министр кеңесшісі және елші болды. 1992-1993 жылдары Мәскеудегі Түркия елшілігінде кеңесші уәкіл қызметімен бірге ЕҚЫҰ-ның алғашқы аймақтық миссиясы – Грузиядағы тұрақты өкілдікке басшылық қызметін қоса атқарды.

Любляна, Нью-Дели және Мәскеуде Түркияның Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды. 1975 және 2010 жылдар аралығында Акынджы Кеңес Одағы, Ресей, Орталық Азия елдері, Кавказ және Үндістан тақырыптарында ғылыми конференцияларға қатысты. Сондай-ақ, НАТО хатшылығында жұмыс атқарған жылдары әскери академиялар мен мүше елдердің университеттерінде дәрістер оқыды. Орталық Азия, Кавказ, Қара теңіз аймағы, Ауғанстан және Үндістан тақырыптарында ғылыми мақалалар жазды.

2010 жылы Мансура Хайдардың «Үнді-Түрік сәулеті» атты кітабының редакторы болып, «Түріктер мен Үндістан, Үндістан мен Түркия» атты бөлімін жазды. 2010 жылы желтоқсанда Түрік Азия стратегиялық зерттеу орталығы (TASAM) тарапынан «2010 жылғы көрегенді бюрократ» сыйлығын иеленді.

Елші Халиль Акынджы Астана қаласында Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің құрметті профессоры.

Халиль Акынджы 2015 жылдың 16 қыркүйегіне дейін 1 жылдай Түркі мемлекеттері ұйымының хатшылығында кеңесші ретінде қызмет атқарды.