Мақсаттар
ТМҰ мүше және бақылаушы елдердің денсаулық сақтау министрліктері арасында ынтымақтастықты нығайтуды көздейді. Бұл – озық тәжірибемен бөлісу, денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларда өзара қолғабыс көрсету және COVID-19 пандемиясынан кейін де өзара іс-қимылдың берік негізін қалыптастыруды білдіреді.
Ұйым мүше елдер арасында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, фармацевтикалық өнім өндірісінде өзара қолдау көрсету және медицина саласындағы төтенше жағдайларда бірлескен шаралар ұйымдастыру сияқты бастамалар арқылы ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.
Механизмдер
Түркі мемлекеттері ұйымы алға қойған мақсаттарына жету үшін көпвекторлы үйлестіру және іс-қимыл механизміне сүйенеді.
Денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру комитеті
ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен саясатты үйлестіруді бақылайтын басты орган.
Комитет топтары:
- Денсаулық сақтау бойынша ғылыми топ: ғалымдар мен сарапшылар пандемиялар мен басқа да жұқпалы ауруларға қарсы күрес тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен бөліседі.
- Дәрілік заттарды тасымалдау тізбегі тобы: дәрі-дәрмек өнімдері мен медициналық жабдықтарды алмасу мен өндіруді жеңілдетеді.
Бұл ынтымақтастық аясында Хатшылықтың ұйтқысымен Денсаулық сақтау бойынша ғылыми топтың 8, ал тасымалдау тізбегі тобының 5 отырысы ұйымдастырылды. Аталмыш жиында тараптар COVID-19 және мүше елдердің денсаулық сақтау мәселелерін талқылап, әріптестермен тәжірибе алмасты.
Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) ынтымақтастықты нығайтып, өңірлік өзара іс-қимылды дамыту мақсатында дәстүрлі медицина, бала, ана және жасөспірім денсаулығы, онкология, сирек кездесетін аурулар мен геномика, ортақ денсаулық туризмі желісі, «TURKTRANSPLANT», телемедицина, денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру мен жасанды интеллект, төтенше жағдайларға бірлесіп әрекет ету тобы, Түркі медициналық зертханалар желісі, Түркі фармакопеясы, денсаулық деректері сөздігі сияқты бағыттар бойынша мамандандырылған ішкі топтардың отырыстарын өткізеді. Бұл бастамалар білім алмасуды тиімді қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларына дайындықты арттыруға бағытталған.
Жиындар мен саммиттер
Өзекті мәселелерді талқылау және іс-қимыл жоспарларын қабылдау үшін тұрақты түрде министрлік және ғылыми жиындар өткізіледі.
- 2020 жылғы 30 қазанда ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдердің денсаулық сақтау министрлері Ыстанбұлда Денсаулық сақтау жөніндегі ғылыми тобының 4-отырысында бас қосты.
- 2022 жылғы 30–31 қазанда Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның қатысуымен Ыстанбұлда Дүниежүзілік Түркі медициналық конгресі өтті.
- 2022 жылғы 31 қазанда Денсаулық сақтау министрлерінің 2-кездесуі Ыстанбұлда Дүниежүзілік Түркі медициналық конгресі аясында өтті.
- 2023 жылғы 16 тамызда ТМҰ-ның Денсаулық сақтау министрлерінің 3-отырысы және Дүниежүзілік Түркі медициналық конгресінің 2-отырысы Самарқанда өтті.
- 2024 жылғы 8 қазанда ТМҰ Денсаулық сақтау министрлерінің 4-отырысы Әзербайжанның Шуша қаласында өтті.
- 2025 жылғы 8 сәуірде ТМҰ Денсаулық сақтау министрлерінің 5-отырысы Астана қаласында өтті.
- 2025 жылғы 8 сәуірде «ТМҰ елдерінде денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту» тақырыбындағы іскер әріптестердің жиыны ТМҰ Денсаулық сақтау министрлерінің 5-отырысы аясында өтті.
Білім және әлеуетті арттыру
- «Денсаулыққа байланысты төтенше жағдайларда көшбасшылық» оқу курсы және апаттарға қарсы әрекет ету бойынша дайындық тренингтері өткізілуде.
- 2020 жылғы 24–27 тамызда Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Измир қаласында Денсаулық сақтау бойынша ғылыми тобының алғашқы бетпе-бет өткен вакцина жөніндегі семинарында Түркия вакцина дайындығы және пандемияға қарсы күрес бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
- 2021 жылғы 16–17 желтоқсанда Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) және Ислам ынтымақтастығы ұйымымен (ИЫҰ) бірге Измир қаласында «Денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайларға дайындық» атты далалық жаттығуларды өткізді.
- 2022 жылғы 14–27 наурызда ТМҰ-ға мүше және бақылаушы мемлекеттердің зертханалық жүйелерін нығайту және зертхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған екінші бетпе-бет оқу бағдарламасы Анкара қаласында өтті.
- 2023 жылғы 2–6 қазанда «Түркі дүниесі жедел медициналық құтқару тобы» оқыту бағдарламасы Түркияның Урла қаласындағы «Төтенше жағдай және симуляция оқу орталығында» өтті.
Құрылымдық негіз
ТМҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық негіздемесі министрлердің кездесулері мен саммиттерде қабылданған келісімдер мен декларациялардан тұрады. Бұл құжаттар «Пандемияға қарсы іс-қимыл жоспары» және «Денсаулық сақтау бойынша ғылыми топтың бірлескен декларациясы» сияқты ынтымақтастықтың стратегиялық мақсаттары мен іс-қимыл жоспарларын айқындайды. Институционалдық қолдауды ТМҰ Хатшылығы мен ТМҰ-ға мүше елдердің Денсаулық сақтау министрліктері қамтамасыз етеді, сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) сияқты халықаралық ұйымдар да өз үлестерін қосуда.
2023 жылғы 28 қазанда Данияның Копенгаген қаласында ТМҰ Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Омуралиев және ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының директоры, доктор Ханс Клюге «2024–2025 жылдарға арналған ТМҰ мен ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумды жүзеге асыру бойынша іс-қимыл жоспарына» қол қойды. Бұл құжат аясында 2024 жылғы 15 сәуірде ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдердің денсаулық сақтау саласындағы мамандарға арналған «Денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайларда көшбасшылық» оқу курсы гибридті форматта өтті. 12 сағаттық онлайн және Ыстанбұлда өткен 5 күндік бетпе-бет семинарға ТМҰ-ға мүше мемлекеттерден 20-дан астам денсаулық сақтау маманы қатысты.
Жобалар
- TÜRKTRANSPLANT ортақ ақпараттық жүйесі – ТМҰ-ға мүше елдер арасында донорлар мен реципиенттер туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
- Түркі фармакопеясы – Дәрі-дәрмектерді тану және өндіру үшін стандартталған жүйе әзірлейді.
- Оқыту бағдарламалары – Зертхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайларда көшбасшылықты күшейту, сондай-ақ симуляцияға негізделген медициналық құтқару оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады.
- Семинарлар мен конференциялар – 2020 жылы Измир қаласында вакцина тақырыбына арналған семинар және пандемиядан кейінгі денсаулық мәселелері бойынша Түркі медициналық конгресі өтті.
- ДСҰ Еуропамен іс-қимыл жоспары – Денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайларда көшбасшылық бойынша 2024–2025 жылдарға арналған өзара түсіністік туралы меморандумның іске асырылуы.
- Бірлескен өндіріс бастамалары – Вакцина, дәрі-дәрмек және медициналық жабдықтарды бірлесіп өндіру мен логистика мәселелерін зерттеу жұмыстары
- Болашақ жоспар мен бағыт-бағдарлар – 2025 жылы өтетін іс-шаралар денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.
Соңғы жаңарту: 18:05:29




