Түркі инвестициялық қоры (TIF) – Түркі мемлекеттері арасындағы алғашқы ортақ қаржы институты, 2023 жылғы 16 наурызда Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының Төтенше саммитінде қол қойылған келісім негізінде құрылды.
Түркі инвестициялық қоры – Түркі мемлекеттері тарапынан құрылған алғашқы және негізгі ортақ қаржы институты. Қор ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің экономикалық әлеуетін жұмылдырып, сауда және инвестициялық ынтымақтастықты күшейтеді, сондай-ақ өңірлік дамуға серпін беретін бірлескен жобаларды қолдайды.
Жарғылық капиталы 600 миллион АҚШ долларын құрайтын Қордың мақсаты – Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің экономикалық әлеуетін пайдалана отырып, өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту және бірлескен жобаларды іске асыру.
Қазіргі таңда Қордың құрамында алты мүше мемлекет пен екі бақылаушы мемлекет бар. Мүше мемлекеттер: Әзербайжан, Мажарстан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Түркия және Өзбекстан.
Алдағы жылдары Қордың капиталы айтарлықтай ұлғайтылып, оның активтері мен халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық аясында шағын және орта бизнеске (ШОБ) қолдау көрсетуге ерекше назар аударылады.
Қордың басым бағыттары:
- кәсіпкерлікті дамыту;
- экономикалық өсімді қамтамасыз ету;
- жұмыс орындарын құру;
- ғылыми-зерттеу және инновацияны қолдау;
- мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу.
Қор қолдайтын негізгі салалар:
- Ауыл шаруашылығы (азық-түлік өнеркәсібі, агробизнес, аграрлық парктер және т.б.);
- Логистика және көлік;
- Энергия тиімділігі, жаңартылатын және баламалы энергия көздері;
- Өндірістік жобалар (тоқыма, автокөлік, фармацевтика мен медициналық құралдар, авиациялық техника, химия өнеркәсібі және т.б.);
- Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар;
- Туризм;
- Инфрақұрылымды дамыту жобалары;
- Жеке капиталды тарту арқылы мемлекеттік жобаларды іске асыру;
- Адами капиталды дамыту;
- Шығармашылық индустрия (сандық экономика, мәдени іс-шаралар, музыка, кино, дизайн және т.б.);
- Стартап жобалар мен жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету;
- Табиғи және қалалық ортаға қатысты жобалар (су, қалдықтар және т.б.).
Ресми вебсайт: https://www.turkicfund.org/




