Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) — Азияда бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылықты нығайту мақсатындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған көпжақты форум болып табылады. Бұл форум Азиядағы және бүкіл әлемдегі бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықтың өзара тығыз байланысты екенін мойындауға негізделген.




