1993 жылы құрылған Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы – ТҮРКСОЙ жиі «Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы» деп аталады.
Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы – ТҮРКСОЙ 1993 жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркияның мәдениет министрлерінің құрылтайшы келісімге қол қоюы нәтижесінде құрылды. ТҮРКСОЙ көбіне Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы ретінде белгілі.
Құрылған кезден бастап ұйым түркі халықтары арасындағы бауырластық пен ынтымақтастықты нығайту, ортақ түркі мәдениетін келер ұрпаққа жеткізу және оны бүкіл әлемге таныту бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Ұйымның штаб-пәтері Түркияның Анкара қаласында орналасқан.
Ресми вебсайт: https://www.turksoy.org/en-US.
ТҮРКСОЙ туралы қысқаша таныстырылым бейнеролигін көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз: https://www.youtube.com/watch?v=EYa9d86A1EM&t=103s




