Түркі мемлекеттерінің Жоғары аудиторлық палатаның 1-отырысы Ыстанбұлда өтті.

Түркі мемлекеттерінің Жоғары аудиторлық палатаның 1-отырысы Ыстанбұлда өтті.

2025 жылғы 22 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Омуралиев Ыстанбұлда өткен Түркі мемлекеттерінің Жоғары аудиторлық палаталарының 1-отырысының ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Өз сөзінде Елші Омуралиев Жоғары аудиторлық палаталардың Түркі әлемінде ашықтықтың, есеп берудің, тиімді басқарудың маңыздылығына, сондай-ақ, ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдердің институттары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Аудит палаталары арасындағы үйлестіру бойынша жұмыстардың күшеюі Түркі мемлекеттерінің тұрақты дамуына, экономикалық төзімділігіне және өзара ықпалдастығына тың серпіліс беретінін айтты. Бас хатшы бірлескен әлеуетті арттыру бастамаларын қолдауға, озық тәжірибемен алмасуға және халықаралық нормаларға сай ортақ стандарттар әзірлеуге ТМҰ-ның дайын екенін растады.

Қатысушылар мемлекеттік сектордағы аудит саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ТМҰ-ның күш-жігерін құптап, өзара ынтымақтастықты одан әрі институционалдандыруға ниетті екендіктерін білдірді.

Жиын қорытындысы бойынша Түркі мемлекеттерінің Жоғары аудиторлық палаталары одағы «TURKSAI»-ды құру жөніндегі Декларацияға қол қойылды.