Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы 2025 жылғы Берлин сыртқы саясат форумына қатысты.

Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы 2025 жылғы Берлин сыртқы саясат форумына қатысты.

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Омуралиев Германияның арнайы шақыруымен 2025 жылғы 25 қарашада Берлинде өткен Берлин сыртқы саясат форумына қатысты.

Кёрбер қоры және Германияның Федералдық Сыртқы істер министрлігінің ұйтқысымен жыл сайын өтетін бұл Форум Германия мен Еуропа сыртқы саясатының өзекті мәселелерін талқылайтын маңызды алаңы болып табылады.

2025 жылғы Форумның шымылдығын Германияның Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль ашты. Айтулы іс-шара аясында қатысушылар Еуропа және жаһандық қауіпсіздік, халықаралық ынтымақтастық, энергетикалық ауысым, цифрлық трансформация және Форумның күн тәртібіндегі ауқымды  мәселелерді талқылады.

Форум аясында Бас хатшы халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің, талдау және зерттеу орталықтарының өкілдерімен кездесті.  Сондай-ақ, Германия Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Бернхард Котш, Италияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо және Кёрбер қорының Басқарма төрағасы доктор Томас Паульсенмен пікір алмасты. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.