ТМҰ Бас хатшысының орынбасары шұғыл медициналық көмек көрсету тақырыбындағы семинарға қатысты.

ТМҰ Бас хатшысының орынбасары шұғыл медициналық көмек көрсету тақырыбындағы семинарға қатысты.

2025 жылғы 26 қарашада Астана қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысының орынбасары Мерей Мұқажан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бастамасымен Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы шұғыл медициналық көмек көрсету саласындағы  озық тәжірибелерді дамытуға бағытталған семинарға қатысып, сөз сөйледі. 

Өз сөзінде Мерей  Мұқажан мүше елдер арасында шекарааралық медициналық әрекеттердің жедел, кәсіби және үйлестірілген түрде жүзеге асырылуының қажеттігін атап өтті. Қауіпсіздіктің шын мәніндегі сын-тегеуріні бейбіт кезеңде емес, дағдарыс сәтінде тап болатынын айтты.

Мерей Мұқажан өңірлік тұрақтылықты арттыру жолында ТМҰ-ның стратегиялық қадамдарын айта келе, 2024 жылғы қарашада Бішкекте өткен ТМҰ-ның 11-ші саммитінде қабылданған «Азаматтық қорғау туралы» келісімінің төтенше жағдайлар кезінде  бірлесе басқару жөніндегі ынтымақтастықты институционалдандырудың негіз қалаушы құжаты ретінде көрсетті. Осы бастаманы одан әрі дамыту мақсатында Мерей Мұқажан ТМҰ Түркі әлемі бойынша денсаулық сақтау қауіпсіздігін және төтенше жағдайлардағы әрекет ету әлеуетін нығайтуды басты міндет етіп қоя отырып, Түркі төтенше медициналық топтар желісін (TURKEMT) ресми түрде құру идеясын алға тартты.

Бұл іс-шара ТМҰ мен ДДСҰ арасындағы берік ынтымақтастықты тағы бір мәрте қуаттап,аталмыш әріптестік, ТМҰ мен ДДСҰ/Еуропа арасындағы Ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандумда (MoU) және оны іске асыруға арналған 2024–2025 іс-қимыл жоспарында атап өтілді.