ТМҰ мүше елдердің Өнеркәсіп, ғылым, технология және инновация саласындағы министрлердің екінші кездесуі Баку қаласында өтті

ТМҰ мүше елдердің Өнеркәсіп, ғылым, технология және инновация саласындағы министрлердің екінші кездесуі Баку қаласында өтті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Өнеркәсіп, ғылым, технология және инновация саласындағы министрлердің екінші кездесуі 2025 жылғы 24 қазанда Баку қаласында «Стратегиялық әріптестіктен Түркі мемлекеттерінің технологиялық интеграциясына» тақырыбымен өтті.

ТМҰ-ға мүше елдер 2025–2026 жылдарға арналған жаңа іс-қимыл жоспары мен ортақ мәлімдемені қабылдау арқылы Түркі әлемінде инновацияны дамытуға, цифрлық трансформацияны қолдауға және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларын тағы да растады.