Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесінің 18-отырысы 2025 жылғы 3–4 қараша күндері Бакуде өтті.
Отырыста Ақсақалдар кеңесінің жүзеге амып жатқан жобалары талқыланып, ортақ түркі әліпбиі мен ортақ түркі тарихы сияқты маңызды бастамалар, сондай-ақ ТМҰ-ның Будапешттегі бейресми саммиті мен 12-ші Габала саммитінің нәтижелері пысықталды.











