ТМҰ 12-ші саммиті Габала қаласында өтті

 ТМҰ 12-ші саммиті Габала қаласында  өтті

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 12-ші саммиті 2025 жылғы 7 қазанда Габала қаласында «Өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздік» тақырыбында өтті.

Саммитке Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Түрікмен халқының ұлттық лидері және Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті Эрсин Татар, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, сондай-ақ, ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен мүшелері, Түркі ынтымақтастық ұйымдарының басшылары қатысты.