ТМҰ Бас хатшысының Шарм-эль-Шейх бейбітшілік саммитіне қатысты мәлімдемесі

ТМҰ Бас хатшысының Шарм-эль-Шейх бейбітшілік саммитіне қатысты мәлімдемесі

2025 жылғы 13 қазанда Америка Құрама Штаттары, Түркия, Катар және Мысырдың күш-жігерінің арқасында жүзеге асқан  атысты тоқтату туралы келісімінен кейін әлем көшбасшыларының қатысуымен өткен Шарм-эш-Шейх бейбітшілік саммитін құптаймын. Бұл келісім Газа секторындағы қақтығыстар мен қайғы-қасіреттің толық тоқтауына, гуманитарлық көмектің Газаға жедел әрі кедергісіз жеткізілуіне жол ашады деп үміттенемін.

Бұл құнды мүмкіндікті тараптар алдағы кезеңде палестиналықтар мен израильдіктердің бейбіт әрі қауіпсіз ортада қатар өмір сүруіне мүмкіндік беретін екі мемлекетке негізделген шешімді жүзеге асыру үшін тиімді пайдаланады деп үміттенемін.  Құрметпен, ТМҰ Бас хатшысы  Елші Кубанычбек Омуралиев