2025 жылғы 3 қарашада Самарқанда өткен ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-ші сессиясы аясында 15 желтоқсан күнін Дүниежүзілік Түркі тілдері күні деп жариялау жөніндегі тарихи шешімін зор қуанышпен қабылдаймын.
Бұл маңызды шешім түркі тілдерінің тамыры бір, өзегі ортақ түп негізін, әмбебап құндылықтарын айқындай отырып, түркі өркениетінің біріктіруші күші ретіндегі терең тарихи мұрасын паш етеді.
Мәдени және тілдік алуандықты сақтауға арналған ең беделді ұйым ЮНЕСКО аясында осы күннің белгіленуі — қазіргі жаһандық кеңістікте Түркі әлемінің бірегейлігі мен ортақ құндылықтарының, сондай-ақ артып келе жатқан рөлінің айқын дәлелі.
Бұл маңызы зор бастамаға үлес қосқан барша ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдерді құттықтаймыз!
Түркі мемлекеттері ұйымы түбі бір түркі жұртының ортақ тарихи және мәдени мұрасын дамытуға, түркі халықтарының бірлігін нығайтуға деген табанды ұстанымын одан әрі жалғастыра береді.
Елші Кубанычбек Омуралиев
Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы





