Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Мексика Халықаралық даму ынтымақтастығы жөніндегі агенттігі (AMEXCID) және Ауыл шаруашылығы министрлігімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Мексика Халықаралық даму ынтымақтастығы жөніндегі агенттігі (AMEXCID) және Ауыл шаруашылығы министрлігімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Омуралиев Мексикаға жасаған жұмыс сапары аясында Мексика Халықаралық даму ынтымақтастығы жөніндегі агенттіктің (AMEXCID) арнайы жобалар және халықаралық даму ынтымақтастығы қорлары бойынша бас директоры Марио Алехандро Мендоса Кастаньеда және Мексика Ауыл шаруашылығы және  даму министрлігінің Халықаралық қатынастар жөніндегі бас үйлестірушісі Сантьяго Руи Санчес де Орельянамен кездесті.

Жиында тараптар ауыл шаруашылығындағы инновациялар, зерттеу саласында өзара диалог, тұрақты даму және отбасылық шаруашылықтарды дамыту сияқты салалар бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, AMEXCID және Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты даму бағдарламалары аясында жүзеге асатын ортақ жобаларды пысықтады.