Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Ыстанбұлда өткен 9-шы TRT World форумының ашылу рәсіміне қатысты

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Ыстанбұлда өткен 9-шы TRT World форумының ашылу рәсіміне қатысты

Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Омуралиев, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның ұйтқысымен 2025 жылғы 31 қазанда Ыстанбұл қаласында «Жаһандық қайта қалыптасу: Ескі тәртіптен жаңа шындықтарға бейімделу» тақырыбымен өткен 9-шы TRT World форумының ашылу салтанатына қатысты.

Президент Режеп Тайип Ердоғанның қатысуымен ашылған форумда 35 елден 132 беделді спикер мен 2000-нан астам қатысушы бас қосты. Аталмыш іс-шара әлемдік мәселелерге инновациялық шешімдер табатын халықаралық пікір алмасу алаңымен танымал. Әлем мен өңіріміздің күрделі кезеңнен өтіп жатқанын ескере отырып, форумда бейбітшілік, қауіпсіздік және өзгеріп жатқан жаһандық тәртіп туралы жан-жақты диалог орнады.

Ашылу сессиясында Президент Режеп Тайип Ердоған жаһандық өзгерістер аясында Түркияның диалог пен ынтымақтастыққа бағытталған бағдары туралы баяндама жасады.

Іс-шара аясында Бас хатшы Омуралиев әріптестерімен кездесіп, түстен кейін өткен тақырыптық отырыстарға қатысты.