ТМҰ Бас хатшысы Ташкент Шығыстану мемлекеттік университетіне барды

ТМҰ Бас хатшысы Ташкент Шығыстану мемлекеттік университетіне барды

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Омуралиев Өзбекстанға жасаған жұмыс сапары аясында Ташкент Шығыстану мемлекеттік университетіне (ТШМУ) барды.

Бас хатшы Омуралиев ТШМУ ректоры Гульчехра Рихсиевамен кездесті. Кездесуде түркі мемлекеттері арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Тараптар түркі мемлекеттері арасындағы білім саласындағы өзара іс-қимылды арттырудың маңыздылығын атай келе, Түркі университеттері одағының Орхун алмасу бағдарламасы аясында бірлескен жобалар мен бағдарламалардың санын көбейту туралы уағдаласты.

Сондай-ақ, Бас хатшы “Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және даму келешегі” тақырыбында дәріс оқыды. Өз сөзінде Бас хатшы түркі мемлекеттері арасындағы қатынастарды тереңдетуде білім мен мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқан рөліне назар аударды.