Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Омуралиев 2025 жылғы 15 қарашада Өзбекстанға сапары аясында Ташкент қаласында орналасқан Nordic International University (NIU) басшылығының шақыруымен ресми сапармен барды.
Сапар барысында Бас хатшы Омуралиев NIU кеңесінің төрағасы Алишер Жураев және университет ректоры доктор Шерзод Мустафакуловпен келіссөздер жүргізді.
Бас хатшы NIU-дың жақында Түркі университеттері қауымдастығына (TURKUNIB) мүше болуына орай университет басшылығын құттықтап, 2025–2026 жылдары TURKUNIB төрағалық тізгінін ұстаған Ташкент Халықаралық университетімен (ТХУ) тығыз ынтымақтастық орнатуға шақырды.
Айта кетелік, NIU 2025 жылғы 15 қазанда Ташкентте өткен TURKUNIB-тің 8-ші Бас ассамблея отырысы барысында қауымдастыққа мүше болып қабылданған еді.
Жиында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту және түркі мемлекеттері арасындағы академиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған мүмкіндіктерді талқылады. Әсіресе TURKUNIB-тің «Орхун» академиялық бағдарламасы аясында бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша келісімге келді.
NIU тарапынан жүзеге асырылып жатқан түрлі жобалар Бас хатшыға таныстырылып, тараптар жақын болашақта білім беру саласындағы жаңа бастамаларды дамыту және іске асыру бойынша тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.














