ТМҰ Бас хатшысы Елші Кубанычбек Омуралиев «Euronews» арнасына берген сұхбатында Түркі мемлекеттері мен Еуропалық Одақ арасында қарқынды дамып келе жатқан экономикалық және сауда қатынастарын, аймақтың стратегиялық әлеуетін атап өтті. Бас хатшы сондай-ақ, ТМҰ-ның атқарып жатқан қызметтері мен жақында Габалада өткен мемлекет басшыларының саммиті туралы мағлұмат берді.




