ТМҰ мен CIMMYT арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

ТМҰ мен CIMMYT арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Омуралиевтің Мексикаға жасаған жұмыс сапары аясында 2025 жылғы 5 қарашада ТМҰ мен Халықаралық жүгері және бидайды жетілдіру орталығы (CIMMYT) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған құжат зерттеу, әлеуетті арттыру, технологиялар трансфері және саясаттық қолдау салаларында ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату арқылы Түркі әлемінде климатқа төзімді ауыл шаруашылығы тәжірибелерін, тұқым жүйелерін және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етпек.

Аталмыш құжат екі ұйымның ауыл шаруашылығындағы инновацияларды аймақтық және жаһандық деңгейде дамытуға бағытталған ортақ бағдардың айшық көрінісі.

Сапар барысында Бас хатшы CIMMYT зерттеу нысандарында болып, өнімдердің төзімділігі мен биологиялық әртүрлілік тақырыбындағы зерттеулер туралы ақпарат алды.