ТМҰ Теміржол басқармалары басшыларының кездесуі Бішкекте өтті

ТМҰ Теміржол басқармалары басшыларының кездесуі Бішкекте өтті

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) теміржол басқармалары басшыларының 3-отырысы 2025 жылғы 31 қазанда Бішкекте өтті.

Кездесуге Қырғыз Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Алмаз Тургунбаев, «Қырғыз Темір Жолы» Ұлттық компаниясының бас директоры Азамат Сакиев, «Өзбекстан темір жолдары» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Хикматулла Рахметов, «Azərbaycan Dəmir Yolları» ЖАҚ төрағасының орынбасары Ниджат Гулиев, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасының трансформация және цифрландыру жөніндегі бірінші орынбасары қызметіне Әнуар Ахметжанов, Түркия мемлекеттік темір жол тасымалы АҚ басқарма мүшесі және бас директордың орынбасары Четин Алтун, сондай-ақ ТМҰ Бас хатшысының орынбасары доктор Мирвохид Азимов қатысты.

Өз сөзінде доктор Мирвохид Азимов Қарабах, Бішкек, Будапешт және Габала декларацияларында белгіленген міндеттемелерді орындаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет басшыларының халықаралық серіктестермен тығыз ынтымақтастық арқылы тиімді транзиттік рәсімдерді енгізу жолымен Орта дәлізді нығайту жөніндегі нұсқауларын тағы да растады.

Жиында тараптар Түркі мемлекеттерінің теміржол басқармалары мен тиісті мекемелерінің ортақ бастамалары мен көкейкесті мәселелері бойынша пікір алмасып, орта дәліз бойымен контейнерлік және көпмодальды тасымалдауды дамыту мәселелерін  талқылады.
Тараптар  2023–2027 жылдарға арналған ТМҰ Көлік байланысын арттыру бағдарламасын іске асыруға бағытталған Бірлескен іс-қимыл жоспарының («Жол картасы») орындалу барысын пысықтады.

Орта дәліздің стратегиялық маңызының артып келе жатқанын атай келе, 2024 жылы дәліз арқылы жүк көлемі 62%-ға өсіп, 2023 жылғы 2,7 миллион тоннадан 4,5 миллион тоннаға жеткенін айтты. Жүзеге асырылып жатқан шаралардың нәтижесінде 2027 жылға қарай дәліздің өткізу қабілеті жылына 10 миллион тоннаға дейін арттырылады деп күтілуде.

Сондай-ақ тараптар мүше мемлекеттердің теміржол басқармалары мен туризм саласының өкілдерінен тұратын арнайы жұмыс тобын құру туралы уағдаласты. Бұл топ түркі мемлекеттері мен одан тыс елдер арасында туристік жолаушылар пойыздарын іске қосу мүмкіндігін зерделейтін болады.

Кездесу соңында тараптар ТМҰ Теміржол басқармалары басшыларының 3-отырысының Хаттамасына қол қойды.