2025 жылғы 18 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысының орынбасары Мерей Мұқажан Анкара қаласында өткен Түркі академиясының 15 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Жиында сөз сөйлеген Мерей Мұқажан соңғы он бес жыл ішінде Академияның Түркі дүниесінің ортақ тарихы, тілі мен мәдени мұрасына қосқан елеулі үлесіне ерекше мән берді. Академияның ТҮРКСОЙ, ТҮРКПА, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры, Түркі инвестиция қоры, Түркі сауда-өнеркәсіп палатасы сияқты ұйымдармен бірлесе отырып, барынша тұтас әрі динамикалық Түркі әлемі тұжырымдамасын жүзеге асыруға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Мерей Мұқажан білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың белгісі «Түркі әлемінің келешегі – 2040» атты құжатын айта келе, ортақ түркі әліпбиінің қабылдануын қуана қарсы алғандығын, бұл қадам өзара түсіністікті және мәдени бірлікті нығайтатынын жеткізді.
Сондай-ақ Мерей Мұқажан Академияның білікті ұжымына және бауырлас ұйымдарға үздіксіз ынтымақтастықтары үшін алғысын білдіріп, Академияның болашақтағы жұмыстарына табыс тіледі.
Жиын аясында, баяндамалар, панельдік отырыстар және Академияның он бес жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.





