cngz_9036_optimized.jpg

Логотип пен туда Ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық туларының элементтері бейнеленген.

Түркі мемлекеттері ұйымының (ол кезде Түркі кеңесі деп аталған) логотипі мен туы 2012 жылғы 22 тамызда Бішкекте өткен II Саммиттің алдында Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) баспасөз мәслихатында алғаш рет жұртшылыққа таныстырылды.

Логотип пен туда Ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық туларының элементтері қамтылған.

Атап айтқанда, логотип пен ту Әзербайжан Республикасының туындағы жұлдыздан, Қазақстан Республикасының туындағы көк түстен, Қырғыз Республикасының туындағы күн бейнесінен және Түркия Республикасының туындағы жарты айдан тұрады.

Түркі мемлекеттері ұйымының туы мүше мемлекеттердің туларымен бірге 2012 жылғы 12 қазанда Стамбул қаласындағы Ұйым ғимаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының 11-ші Президенті Абдулла Гүлдің қатысуымен салтанатты түрде көтерілу рәсімі өтті.