2019 жылғы 15 қазанда Әзербайжан Республикасы Түркі кеңесінің Жетінші Саммитін Бакуде өткізді. Бұл саммит 2009 жылғы 3 қазанда қол қойылған Түркітілдес Мемлекеттердің Ынтымақтастық Кеңесін (Түркі кеңесі) құру туралы Нахчыван келісімінің 10 жылдығымен тұспа-тұс келді.
Осы орайда, Нахчыван келісімінің 10 жылдығын атап өту мақсатында Түркі кеңесінің Хатшылығы мен Әзербайжанның Халықаралық қатынастарды талдау орталығы бірлесіп, Нахчыван келісімінің 10 жылдығы мен Түркі кеңесінің 7-ші саммитіне арналған Арнайы басылым шығарды.
«ТҮРКІ КЕҢЕСІ: НАХЧЫВАН КЕЛІСІМІНІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ» атты басылымда Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің Мемлекет басшыларының мақалалары, Венгрия Премьер-министрінің құттықтау сөзі, Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының басшылары мен Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің ресми сыртқы саясат зерттеу орталықтарының мақалалары жарияланған.
Мақалалар негізінен Нахчыван келісіміне қол қойылғаннан бергі жетістіктерге және тараптардың ынтымақтастық үдерісін жаңа интеграциялық деңгейге көтеру жөніндегі көзқарастары мен ұсыныстарына бағытталған.
Басылым Түркі кеңесіне мүше және бақылаушы мемлекеттердің Мемлекет және Үкімет басшыларына, сондай-ақ Сыртқы істер министрлеріне 7-ші Саммит барысында таныстырылды.
Жүктеуге арналған PDF нұсқасы төменде берілген.




