АРНАЙЫ БАСЫЛЫМ – Әзербайжан, Қазақстан және Қырғызстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Түркияның Түркі өңіріндегі даму мен ынтымақтастыққа қосқан үлесі

АРНАЙЫ БАСЫЛЫМ – Әзербайжан, Қазақстан және Қырғызстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Түркияның Түркі өңіріндегі даму мен ынтымақтастыққа қосқан үлесі

Түркі кеңесінің ынтымақтастық аясында және Ресми Сыртқы Саясат Зерттеу Орталықтарының Үшінші және Төртінші кездесулерінде қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында, Түркі кеңесі Хатшылығы мен Түркияның Стратегиялық зерттеулер орталығы (SAM) бірлесіп, Түркі кеңесінің Алтыншы саммитіне орай «Әзербайжан, Қазақстан және Қырғызстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Түркияның Түркі өңіріндегі даму мен ынтымақтастыққа қосқан үлесі» атты арнайы басылымды жарыққа шығарды.
Белгілі болғандай, тәуелсіздік алғаннан бері түркітілдес мемлекеттер мемлекеттілік, ұлт қалыптастыру және ұлттық бірегейлікті орнықтыруда елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар, олар небәрі отыз жылға жетпейтін уақыт ішінде нарықтық экономикаға көшуде батыл қадамдар жасады. Осы бірлескен басылымдағы мақалалар Әзербайжан, Қазақстан және Қырғызстанның осы қысқа уақыт ішінде саяси және экономикалық бағыттарда жеткен жетістіктеріне шолу жасауға ықпал етеді.
Сонымен қатар, Түркия тарапынан ұсынылған мақалалар 1991 жылдан бері Түркия Республикасы мен басқа түркі мемлекеттері арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастарға, жылдар бойы Түркі дүниесіне қатысты идеялардың дамуына және өңірдегі әртүрлі салалар бойынша болашақтағы кеңейтілген ынтымақтастықтың келешегіне бағытталған.
Бұл мақалалар тәуелсіздік алғаннан кейінгі түркітілдес мемлекеттердің саяси және экономикалық даму ерекшеліктерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, бұл даму үрдістерінің Түркі кеңесі аясында өңірлік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қалай негіз болғанын да талдайды.
Басылымның тегін PDF нұсқасын мына сілтеме арқылы жүктеуге болады: