Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының ынтымақтастығымен шығарылған «Дипломатия әлемі» журналының Түркі кеңесіндегі Әзербайжан төрағалығына арналған арнайы саны жарық көрді.
Басылымда Түркі мемлекеттері ұйымы туралы жалпы ақпарат, оның құқықтық негізі, ынтымақтастық бағыттары, Әзербайжан Республикасы және халықаралық әрі өңірлік ұйымдармен байланыстары қамтылған.
Журналда Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев пен ұйымның серіктес құрылымдарының жетекшілерінің мақалалары жарияланған.
«Әзербайжан төрағалығы кезеңінде Түркі кеңесінің артып келе жатқан ықпалы» атты мақаласында Бас хатшы Әміреев, 2019 жылғы 15 қазанда Әзербайжанда өткен Түркі кеңесінің 7-ші Саммитінің нәтижелері мен Түркі кеңесінің тарихындағы алғашқы Төтенше Саммиті (10 сәуір 2020), сондай-ақ COVID-19 пандемиясына қарсы ынтымақ пен бірлік тақырыбын кеңінен баяндаған.
Бас хатшы, сондай-ақ Түркі кеңесі мен Түркі дүниесінің әрдайым Әзербайжанның аумақтық тұтастығын қолдағанын, Армения қарулы күштерінің барлық оккупацияланған аумақтардан дереу, толық және сөзсіз шығарылуын талап еткенін, бейбіт тұрғындарға бағытталған шабуылдарды қатаң айыптағанын және 44 күндік Отан соғысында Әзербайжанның жанында болғанын атап өткен.
2020 жылы қауіпсіздік пен қоғамдық денсаулық салаларындағы сын-қатерлерге Түркі кеңесі мен мүше мемлекеттердің дер кезінде берген жауабы, Түркі дүниесінің ортақ әрекетке дайын екендігін көрсетті. Бұл тұрғыда, ұйымның біртұтас үн қатысуы мен өңірлік ынтымақтың артып келе жатқан рөлі жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуда маңызды үлес болып табылды.
PDF нұсқасын төмендегі сілтемеден жүктей аласыз.




