Түркі кеңесінің 5-ші Саммиті, Арнайы басылым

Түркі кеңесінің 5-ші Саммиті, Арнайы басылым

Түркі кеңесінің басқа мүше мемлекеттерінің үлесімен Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Стратегиялық зерттеулер орталығы «Түркі кеңесінің 5-ші Саммиті: Еуразиядағы өңірлік ынтымақтастықта өрлеп келе жатқан актор» атты арнайы басылым дайындады.

Аталған басылым Түркі кеңесінің Бас хатшысы Елші Рамиль Хасановтың «Түркі кеңесі: Еуразиядағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған қуатты өңірлік механизм» атты мақаласымен басталады. Сонымен қатар, басылымда Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяровтың, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевтың және Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Феридун Х. Синирлиоғлуның мақалалары жарияланған.

Сондай-ақ, бұл арнайы басылымда Түркі кеңесіне қарасты ұйымдар — ТҮРКСОЙ Бас хатшысы профессор Дүсен Касеинов, ТҮРКПА Бас хатшысы Жандос Асанов, Түркі академиясының президенті профессор Дархан Қыдырәлі, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Гүнай Афандиева сияқты басшылардың, сондай-ақ мүше мемлекеттердің ресми сыртқы саясатқа арналған стратегиялық зерттеу орталықтарының директорларының мақалалары да қамтылған.

Осы басылым аясында Түркі кеңесінің соңғы бес жылда өңірлік ынтымақтастыққа қосқан үлесі мен болашақтағы жобалары әртүрлі қырынан қарастырылып, жұртшылыққа ұсынылды. Кеңестің өңірлік тұрақтылықты, өркендеуді және дамуды нығайтуға бағытталған қадамдары кеңінен талданған.

Аталған арнайы басылым Түркі кеңесінің 2015 жылғы 11 қыркүйекте Астанада өткен 5-ші Саммиті барысында мүше мемлекеттердің Мемлекет басшыларына ұсынылды.