Мақсаттар
Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) өнеркәсіп, ғылым, технология және инновация саласындағы ынтымақтастықтың басты мақсаты бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу, инновацияны және өнеркәсіптік дамуды ілгерілету, цифрлық және жасыл трансформацияны күшейту, сондай-ақ Түркі аймағында тұрақты даму мен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін инновациялық экожүйе құру болып табылады.
Механизмдер
Министрлік және жұмыс тобының кездесулері
1. ӨҒТИ жөніндегі алғашқы министрлік және жұмыс тобының кездесуі 2024 жылғы 25-26 қазанда Түркия Республикасының Индустрия және технология министрлігінің ұйымдастыруымен Ыстанбұл қаласында өтті.
- Министрлер ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ), шағын және орта кәсіпкерлік (ШОБ), инновациялық экожүйелер, жасыл және цифрлық трансформация, метрология, өнім қауіпсіздігі, стандарттау, өнеркәсіптік меншік және ғарыш технологиялары салаларындағы ынтымақтастықтың әр саласын айқындайтын Ыстанбұл декларациясын қабылдады.
- Іс-қимыл жоспары мақұлданып, аталған бағыттар бойынша ішкі жұмыс топтарының құрылуы туралы шешім қабылданды.
2. ӨҒТИ жөніндегі 2-ші министрлік кездесуі үстіміздегі жылы Баку қаласында өтеді. Кездесу барысында Ыстанбұл декларациясы пысықталып, іс-қимыл жоспарының орындалу барысы талқыланатын болады.
Жобалар
- Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша ынтымақтастық
Ортақ жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қолдау мақсатында қаржыландыру механизмдерін зерттеу. 2024 жылғы Ыстанбұл декларациясы мен оның іс-қимыл жоспарына сәйкес, ТМҰ-ға мүше елдерде өнеркәсіп, ғылым, технология және инновация саласында төмендегі бастамалар арқылы ынтымақтастықты дамытады:
- Ғылыми-зерттеу және стипендиялық бағдарламалары. ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдер арасында стипендиялық бағдарламаларды енгізу және студенттер арасында тәжірибе алмасу іс-шаралары
- Өнеркәсіпте жасанды интеллект пен цифрлық трансформация. Өнеркәсіптік өндірісте жасанды интеллект қосымшасы мен цифрлық даму бағдарламалары саласында ынтымақтастық
- Инновациялық экожүйені дамыту. ТМҰ-ға мүше мемлекеттерде TEKNOFEST және өзге технологиялық фестивальдерді ұйымдастыру, технопарктер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жастарға арналған ғылым, технология және инновация саласындағы бағдарламаларды жүзеге асыру.
- Инвестициялық қор және кәсіпкерлік. Кәсіпкерлік капитал саласындағы ынтымақтастықты қолдау, start-up серіктестіктер орнату және «Инвестиция және сауда ынтымақтастығы платформасын» құру.
- Шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОБ) дамыту. Түркияның «TEKMER» (Технологиялық кәсіпкерлік және зерттеу орталықтары) үлгісінде үздік тәжірибелермен бөлісу, өнеркәсіптік шағын және орта кәсіпорындарға арналған ынталандыру шаралары бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу және ТМҰ ШОБ туралы Меморандумын орындау барысын қадағалау.
- Метрология. Оқыту бағдарламалары және Түркі мемлекеттерінің өңірлік Метрология ұйымын (TURKMET) құруды жоспарлау.
- Өнім қауіпсіздігі. Сәйкестік, нарықты қадағалау, бақылау жүйелері бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ тестілеу инфрақұрылымын жетілдіру.
- Стандарттау және сертификаттау. Техникалық кеңес беру, зертханалық ынтымақтастық, оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру, сондай-ақ Халал сапа инфрақұрылымын нығайту мен стандарттарды біріздендіруге бағытталған жобалар.
- Өнеркәсіптік ынтымақтастық және меншік құқықтары. Өнеркәсіптік аймақтарда ынтымақтастықты дамыту, өнеркәсіптік меншік бойынша сарапшылармен тәжірибе алмасу, зияткерлік меншік құқықтары (IPR) бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу және Ортақ Түркі патент ұйымын құру ұсынысы.
- Ғарыш технологиялары. Ғарышты бейбіт мақсатта пайдалану, тәжірибе алмасу, бірлескен әлеуетті дамыту жұмыстары және Ғарыш технологиялары конференциялары (Түркия 2024, Әзербайжан 2025) арқылы ынтымақтастықты одан әрі нығайту.
Жалпы ақпарат
Өнеркәсіп, ғылым, технология және инновация саласы Түркі әлемінде ғылым мен технологияны өнеркәсіптік дамумен ұштастыратын ынтымақтастық платформасы болып табылады. 2025 жылы Бакуде өтетін 2-ші министрлік кездесуі ортақ бастамаларды дамытуға, жаңа жобалардың қабылдануына және ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдердің стратегиялық технология салаларындағы интеграциясын тереңдетуге септігін тигізіп, тың серпін береді.
Соңғы жаңарту: 10:26:15




